ДДСҰ омикрон штамының жаңа түріне алаңдап отыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация: elements.envato.com Иллюстрация: elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын омикрон штамының жаңа түрі алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын омикрон штамының жаңа түрі алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ұйым коронавирустың омикрон штамының екі жаңа кіші түрін бақылап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы BA.4 және BA.5 штамдарының жұқпалы екенін анықтау үшін бағалау тізіміне қосқанын айтты.

"ДДСҰ қосымша мутацияларға байланысты жаңа кіші түрлерді бақылауды бастады, олардың иммундық қорғаныс әлеуетіне әсерін түсіну үшін қосымша зерттеу қажет", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемде COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын айтты. Ол соңғы аптада COVID-19-дан өлім саны азайып жатқанын, бірақ вирус өте жұқпалы екенін, дамуын жалғастырып жатқанын айтты. 

"COVID-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ. Ол жұғуын тоқтатпағанша пандемия еш жерде аяқталмайды", - деді Гебрейесус.

Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты инфекция тезірек таралуы мүмкін, бұл өз кезегінде жаңа штамдардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

"Вакцина өмірді сақтап қалудың ең күшті құралы болып қала береді", - деді ДДҰ басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro