ДДСҰ омикрон штамының қаупі туралы жаңа деректерді жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДСҰ омикрон штамының қаупі туралы жаңа деректерді жариялады Фото: elements.envato.com

Алдын ала мәліметке сәйкес, коронавирустың жаңа омикрон штамы COVID-19-ға қарсы вакциналардың тиімділігін төмендетуі мүмкін, бірақ бұл "дельта" нұсқасына қарағанда қауіпті емес. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жексенбіде таратқан коронавирустың жаңа нұсқасына қатысты техникалық ақпаратта айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бүгінде омикрон штамына вакциналардың тиімділігі туралы деректер шектеулі және расталған дәлелдер жоқ. Алдын ала деректер және омикрон штамы ақуызының айтарлықтай өзгерген антиген профилі инфекцияға қарсы вакцинаның тиімділігі мен нұсқаның берілуін төмендетеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметінше, алдын ала деректер жаңа штамның қауіптілігі аз болатынын көрсетеді, өйткені анықталған жағдайлардың көпшілігі симптомсыз немесе жеңіл және орташа белгілер арқылы байқалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети