ДДҰ басшысы пандемияның жаңа қауіпті кезеңі туралы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ басшысы пандемияның жаңа қауіпті кезеңі туралы мәлімдеме жасады REUTERS©

18 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша орнаған рекорд пандемияның тез таралып жатқанын білдіреді. Бұл туралы брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша орнаған рекорд пандемияның тез таралып жатқанын білдіреді. Бұл туралы брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ДДҰ басшысы ұйымға жаңадан 150 мыңнан астам COVID-19 жұқтырған адам тіркелгені туралы мәлімет айтты, бұл ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.

Ол вирус жұқтырғандардың жартысы Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиесілі екенін айтты. Сондай-ақ, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста айтарлық көп науқас тіркелді.

"Әлем жаңа және өте қауіпті кезеңде", - деді Гебрейесус.

Ол адамдардың үйде отырудан шаршағанын, ал үкіметтер экономиканы жандандырғысы келетінін айтты.
 
"Бірақ вирус әлі де жылдам тарап жатыр, ол әлі де қауіпті және адамдардың көбі әлі күнге дейін осал", - деп ескертті ДДҰ басшысы.

ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус инфекциясы 8,35 миллионнан астам адамнан анықталды, оның 450 мыңы қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети