ДДҰ Еуропа елдерінде коронавирус қайта өршитінін ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ Еуропа елдерінде коронавирус қайта өршитінін ескертті © Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюггенің айтуынша, Еуропалық Одақта коронавирус жұқтыру саны көктемде эпидемия шыңында байқалған көрсеткіштерден асып түсті.

"Қазір апта сайынғы науқастардың саны наурыз айында пандемия Еуропада алғаш рет шарықтау шегіне жеткен кездегі саннан асып жатыр. Еуропа елдерінің жартысынан көбінде соңғы екі аптада коронавирус өршіп жатыр", - деді Клюгге.

Ол қазіргі уақытта вирус 25 жастан 41 жасқа дейінгілерде анықталып жатқанын айтады. 

Сондай-ақ, Ұлыбританияда, Францияда және Испанияда билік коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталғанын мәлімдегені айтылады. Бұл елдерде науқастардың рекордтық көрсеткіштері тіркеліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course down  582.47  course down  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети