ДДҰ жабайы жануарларды базарларда сатпауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ жабайы жануарларды базарларда сатпауды ұсынды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бірқатар басқа мекемемен бірлесіп, барлық мемлекетке жұқпалы аурулардың таралу қаупін азайту үшін жабайы табиғат саудасын шұғыл түрде тоқтата тұруды және дәстүрлі азық-түлік базарларында гигиена мен санитария талаптарын сақтауды ұсынды, - деп хабарлайды Новости ООН.

"ДДҰ, Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымы және БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы ұлттық құзыретті органдарды азық-түлік мақсаттары немесе өсіру үшін жабайы сүтқоректілердің саудасын тоқтата тұруға және жабайы жануарлар сатылатын азық-түлік базарларындағы бөлімді жабуға шақырады", - делінген ДДҰ баспасөз хабарламасында.

Үш мекеменің сарапшылары нұсқауда жабайы аңдар ашық базарларда торда немесе қоршауда ұсталатынын айтады. Сол жерде сойып, бөлшектейтіндер де бар. Нәтижесінде азық-түлік базарлары биологиялық сұйықтық және басқа қалдықтармен ластанады. Бұл жұмысшылар мен келушілерге ауру тарату қаупін арттырады.

БҰҰ сарапшылары жануарларды әдеттегі тіршілік ету ортасынан әкеліп, базарларда сату олардан жұғатын аурулардың көбеюіне әкелетінін бірнеше рет ескерткен.

Жабайы аңдар бірқатар аурудың, соның ішінде COVID-19-дың шығу тегі болуы мүмкін. Сарапшылар COVID-19 індеті жануарлар ортасынан адамға жұққан инфекция болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети