ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне жастарды кінәлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне жастарды кінәлады Фото: Reuters

Жастардың бейқамдығы, қорғаныс талаптарын елемеуі коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне алып келді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы (ДДҰ) Тедрос Гебрейесус айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

ДДҰ мәліметінше, Солтүстік жарты шарда коронавирус инфекциясының өршуі жастардың әрекетіне де байланысты болған. 

Тедрос Гебрейесус олар да СOVID-19 вирус таралмауы үшін сақтық шараларын қатаң сақтауы керегін атап өтті.

Сондай-ақ, ол жастар коронавирус инфекциясын өзгелерге жұқтыруы, тіпті аурудан өліп кетуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, әлемде СOVID-19 жұқтырғандар саны 17,3 миллионға жетті. 10,1 миллион науқас жазылды, 673 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Қазақстанда 89 078 адам коронавирус жұқтырды. 59 517 науқас дертінен айықты, 793 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети