Егер дүниежүзінде коронавирус пандемиясының екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бас директорының стратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.
Егер дүниежүзінде коронавирус пандемиясының екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бас директорының стратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.
Дәрігер қазіргі пандемияны ХХ ғасырдың басында "испан тұмауымен" салыстырып, коронавирустың жаһандық ауқымда тарауы "ДДҰ-да болжағандай өршіп келе жатқанын" атап өтті.
"Испан тұмауымен" салыстырғанда COVID-19 екеуі бірдей болып тұр. Жазда ол сәл азайды да қыркүйек, қазанда өрши бастады. Нәтижесінде екінші толқын кезінде 50 миллион адам қайтыс болған. Пандемия біз болжағандай болып жатыр", - дейді дәрігер.
ДДҰ өкілі коронавирустың таралуына байланысты Еуропада және әлемнің басқа да өңірлерінде карантиндік шаралардың әлсіреуі аясында мәлімдеме жасаған.
Раньери Герра
Euronews хабарлауынша, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының мамандары Еуропада шектеу шараларын жойғаннан кейін коронавирустың белсенді таралуына алаңдаушылық білдірген. Сарапшылардың айтуынша, егер шұғыл шаралар қолданылмаса, Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйесі қайтадан коллапс болуы мүмкін.
Соңғы аптада ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросына кіретін елдерде 130 мыңнан аса жаңа жағдай іркелген.
"30 елде соңғы екі апта ішінде аурудың жаңа жағдайларының өсуі байқалады. Осы елдердің 11-інде инфекцияның берілу жылдамдығының артуы айтарлықтай қарқынға алып келді - егер шара қолданылмаса Еуропаның Денсаулық сақтау жүйесінде қайтадан коллапс болады", - деп мәлімдеді бюро директоры Ханс Клюге.
Еуропаның 30 елінде COVID-19 қайта өршіп жатыр
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!