ДДҰ коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді Фото: ©REUTERS

Коронавирустың түрлері мен формалары COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік директоры Дорит Ницан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустың түрлері мен формалары COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік директоры Дорит Ницан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді", - дейді Ницан "Пандемия-2020: қиындықтар, шешімдер, салдарлар" конференциясында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда (коронавируспен ауыратындар саны) өсіп келе жатқан елдер мен науқастар саны азайып келе жатқан мемлекеттер де бар.

"Біз бұл жағдайды күнде бақылап отырамыз, төмендеу (ауру жұқтырғандар саны) бар елдердегі жағдайды зерттейміз", - дейді ол.

Ницан "көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсінбейтінін" атап өтті. Себебі әлемдегі халықтың тек 5 пайызы ауыр халде екен.

"Бірақ бұл 5 пайыз қатты зардап шегеді. Олардың өміріне қауіп төніп тұр. Бұл жағдай олар үшін өте қиын", - дейді директор.

Айта кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 вирусының өршуіне байланысты пандемия жариялады.

ДДҰ мәліметіне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 37 миллионнан асты. Індеттен 1 070 355 науқас көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети