Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өз сайтында Nipah (Нипах) немесе NiV вирусына байланысты жаңа пандемия болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Газеты.Ru жариялаған мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өз сайтында Nipah (Нипах) немесе NiV вирусына байланысты жаңа пандемия болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Газеты.Ru жариялаған мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вирус алғаш рет 1999 жылы Малайзияда Нипах өзенінде тұратын шошқа фермерлерінің арасында анықталды. Инфекция ауру шошқалармен байланыс нәтижесінде адамдарға жұққан. Ал олар вирусты құрма жегеннен кейін жұқтырған. Құрма бетінде вирустың табиғи тасымалдаушылары саналатын ұшатын түлкілердің зәрі қалған болуы мүмкін.
2004 жылы ауру пальма шырынын ішкен Бангладеш тұрғындарынан да аныталды. "Инфекцияның адамнан адамға берілуі де, оның ішінде Үндістандағы ауруханада тіркелді", - делінген ДДҰ сайтында.
Жалпы, әлемде инфекция пайда болғаннан бері қауіпті вирус 12 жерде тіркелді, ал Оңтүстік Азияда жыл сайын кездеседі. Соңғы жаппай инфекция жұқтыру 2008 жылы Бангладеште болды, ол кезде вирус жұқтырғандардың өлімі шамамен 38 пайыз болған.
Nipah, коронавирус сияқты, әр түрлі формада болады - симптомсыз аурудан энцефалитке дейін. Инкубациялық кезең төрт күннен 45 күнге дейін.
Алғашқы белгілер тұмауға ұқсайды: адамның денесі қызады, бас және бұлшықет ауыруы, құсу және тамақ ауруы. Кейіннен бас айналу, ұйқышылдық және сананың өзгеруі де қосылуы мүмкін, ал кейбір жағдайда дәрігерлер пневмония мен жедел тыныс алу жетіспеушілігін жазады. Ерекше ауыр жағдайларда энцефалит және конвульсия дамиды, бұл екі-үш күннен кейін комаға жеткізеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікірінше, планетаны қорғаудың жалғыз тәсілі ұшатын түлкілердің құрма пальмаларына және олар жұқтыруы мүмкін басқа да тағамдарға жетуін азайту болуы мүмкін. Дәрігерлер жаңадан алынған құрма шырынын қайнатуға кеңес береді, ал жемістерді қолданар алдында жуып, аршыған жөн. Ауру жануарларға тек қорғаныс костюмдерімен бару керек және оларды мүмкіндігінше тезірек союға жіберген жөн.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!