24 тамыз 2020 09:18

ДДҰ өкілі коронавирустың екінші толқынына байланысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының стратегиялық бастамалар жөніндегі көмекшісі Раньери Гуерра Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында коронавирустың екінші толқынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының стратегиялық бастамалар жөніндегі көмекшісі Раньери Гуерра Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында коронавирустың екінші толқынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Раньери Гуерраның айтуынша, қазіргі уақытта Италияда науқастар саны қайта өсіп жатыр. Бірақ дәл қазір бұл жағдайды қолға алып, бақылауға алуға болады дейді сарапшы. Euronews мәліметінше, 22 тамызда Италияда мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған.

COVID-19 өршіп тұрған елдерде пандемия қашан аяқталады? Ғалымдардың болжамы

"Коронавирустың екінші толқыны басталмауы мүмкін, сол мақсатта қазір дәрігерлер қолдан келгенді жасап жатыр", - деді ДДҰ өкілі.

Еске салайық, мұның алдында онлайн форумда ДДҰ басшысы коронавирус пандемиясының салдары ондаған жыл бойы сезілетінін мәлімдеген еді.

"Біз пандемияның ауқымы кең екенін, бұл экономикалық, әлеуметтік және көптеген елде саяси дағдарыстың пайда болуына әкеліп соққанын білеміз. Оның салдары ондаған жыл бойы сезілетін болады", - деген еді ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети