02 тамыз 2020 | 09:51

ДДҰ пандемия қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS© REUTERS©

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус пандемиясы қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус пандемиясы қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 тамызда өткен төтенше комитет отырысында ұйым өкілдері пандемия әлі "ұзақ уақытқа" созылады деген қорытындыға келді.

Мамандар ДДҰ мен оның серіктестеріне коронавируспен күресуге күш салғаны үшін ризашылық білдірді. Ұйымның төтенше жағдайлар комитеті бұл мәселені шешу үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті және жастарды вирустың таралуын болдырмау үшін барлық мүмкін әдісті қолдануға шақырды.

Енді сарапшылар пандемия жағдайына үш айдан кейін баға береді.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 17,3 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған, 675 мыңнан аса науқас қайтыс болған. Өткен тәулікте COVID-19 289 мың адамнан анықталды, алты мыңнан астамы көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети