ДДҰ пандемияның екінші жылына болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ пандемияның екінші жылына болжам жасады © Reuters

Коронавирус пандемиясының екінші жылында бұдан да көп адам қайтыс болуы мүмкін. Бұл туралы жұмада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус пандемиясының екінші жылында бұдан да көп адам қайтыс болуы мүмкін. Бұл туралы жұмада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"COVID-19 3,3 миллион адамның өмірін қиды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, ол біріншіден гөрі көбірек өлімге әкелуі мүмкін", - деді ДДҰ бас директоры. Оның сөзін РИА Новости жазды.

Айтуынша, қазір өмір мен үй шаруашылығын құтқарудың жалғыз жолы - вакцинация мен денсаулық сақтау шараларын біріктіру, оларды бөлек пайдаланбау.

ДДҰ вакцинация вирустың таралуына қарсы 100 пайыз шара емес екенін мәлімдеді. Себебі вакцина салдырған адамдар да ауырып қалуы мүмкін, бірақ вирустың аса ауыр емес түрімен. Шектеулерді алып тастау немесе маска тағу режимін жою туралы шешім елде вакцина алғандар санына емес, COVID-19-дың таралу деңгейіне негізделіп қабылдануы тиіс.

ДДҰ мәліметтері бойынша, 14 мамырда кешке әлемде COVID-19-дың 160 813 869 жағдайы расталды, 3 339 002 адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети