ДДҰ Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасына қатысты пікір білдірді

Ресейдің коронавирусқа қарсы жаңа вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігі мұқият зерттелуі керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілі Тарик Язаревич мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің коронавирусқа қарсы жаңа вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігі мұқият зерттелуі керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілі Тарик Язаревич мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ДДҰ ресейлік денсаулық сақтау саласына жауапты ведомстволармен байланыста екен.

Батыс сарапшылары коронавирусқа қарсы дүние жүзіндегі "алғашқы ресейлік вакцинаны" сынап тастады

Тарик Язаревич кез келген вакцинаның қауіпсіздігі мұқият зерттелуі керегін атап өтті. Осыған дейін ДДҰ Ресейді қауіпсіз және тиімді вакцияна жасау үшін арнайы стандартты қатаң сақтауға шақырған.

Сондай-ақ, АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері Энтони Фаучидің пікірінше, ресейлік тарап коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше нұсқасын көрсетуге дайын болған. Алайда олар вакцинаның пайдалы және қауіпсіз екеніне сенімді емес. Америкалық дәрігер Ресей жаңа вакцинаны дұрыс деңгейде тексергеніне күмәнмен қарайтынын жеткізді.

"Вакцина болып, оның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеу, екі бөлек дүние. Бізде көптеген вакцина бар. Егер басымызды қатерге тігіп, көптеген адамға зиянымызды тигізгіміз келсе, бұл істі алдағы аптада-ақ бастар едік. Әрине, біз оны қаласақ", - дейді Энтони Фаучи National Geographic журналисінің "Ресейде коронавирус қарсы вакцина бар ма?" деген сұрағына.

Айта кетейік, кеше Ресей президенті Владимир Путин елде коронавирус қарсы жаңа вакцина жасалғанын, оны алғашқылардың бірі болып, қызы алғанын мәлімдеген еді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети