Ташкентте денесінен 16 ине шыққан 11 айлық сәби көз жұмды. Өзбекстандағы Демократия және адам құқығы институтының директоры Сайера Ходжаева Facebook желісіндегі парақшасында сәбидің денесінен инелерді алып тастау бойынша жасалған отадан кейін көз жұмғанын жазды.

"Сәби бүгін көз жұмды... Өкінішті", - деп жазған Ходжаева.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ташкентте 11 айлық сәбидің денесінен 16 ине табылғаны жайлы хабарланған болатын. 11 айлық сәбидің шешесі баласының жиі мазасызданатынын айтып, көмек сұрап келген. Бастапқы медициналық зерттеу барысында сәбидің тамағы ісініп, темперарутасы көтерілгені анықталған. Дәрігерлер оны тұмауратып қалған деп топшылапты. Алайда баланың зәр шығаруы қиындап, осыдан кейін дәрігерлер баланы рентген аппаратына түсірген. Осы кезде баланың денесінде 16 бөгде зат табылған. Баласы мен шешесі дереу Ташкентке жөнелтілген.