Депутаттар кеңесінің төрағасы Аман Төлеевке орнын босатып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттар кеңесінің төрағасы Аман Төлеевке орнын босатып берді © 24smi.org

РФ Кемерово облысының Халықтық депутаттар кеңесінің басшысы Алексей Синицын бұрынғы губернатор Аман Төлеевке орнын босату үшін мерзімінен бұрын отставкаға кетті, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

РФ Кемерово облысының Халықтық депутаттар кеңесінің басшысы Алексей Синицын бұрынғы губернатор Аман Төлеевке орнын босату үшін мерзімінен бұрын отставкаға кетті, - деп хабарлайды РИА Новости

"Аман Гумирұлы Төлеев 2013 жылы "Единая Росия" партиясының аймақтық бөлімі атынан халық депутаттарының облыстық кеңесіне кандидаттар тізімін бастаған болатын. Сол кісінің арқасында 86 пайыз дауыс жиналып, сенімді жеңіске қол жеткіздік. Облыстық кеңестің қазіргі мүшесі - ол Төлеевтің командасы. Сондықтан бұл команданы өздерінің көшбасшысы басқарғаны әділ және дұрыс деп бағалаймын", - дейді Синицын. 

Синицынның сөзінше, оның өтінішін депутаттар сейсенбі күнгі съезде қарайды.

Еске салайық, Аман Төлеев "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрттен кейін отставкаға кеткен болатын. Ресми мәліметтер бойынша, өрт салдарынан 64 адам мерт болды, оның ішінде 41-і бала. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети