Украинаның шығысындағы өзін-өзі жариялаған Донецк халықтық республикасының (ДХР) қорғаныс министрі Владимир Кононов "егер Украина күш құрылымдары арандатушылықтарын қоймаса, біз де аяушылық танытпаймыз. Мен қарсы соққы беруге бұйрық шығаруға мәжбүр боламын" деп ескертеді", - деп хабарлайды РИА Новости.

"Олар оқ жаудыруларын әлі жалғастыруда. Соған қарағанда, Порошенко әскерлерін дұрыс қадағалап отырған жоқ. Киевтің бітімгершілік мақсаты – қайта құрылымдап, бізге шабуыл жасау ма деп қалдық. Алайда біз де мұндай тұтқиылдан келетін соққыға дайынбыз. Егер олар райларынан қайтпаса, біз де қаруға жүгінбекпіз", - деп мәлімдеді Кононов.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні, 5 қыркүйекте, байланыс тобы Минск қаласында Украинаның шығысындағы жағдайды реттеу мақсатында кездескен болатын. Киев билігі мен өзін-өзі жариялаған республикалар бітімгершілікке келіскен де еді.
Бұл бұйрық мәскеулік уақытпен сол күні сағат 19:00-де күшіне енгені белгілі. Алайда ертесіне-ақ екі жақ "оқ атуды қоймады" деп бірін-бірі айыптап шықты.
Ал өзін-өзі жариялаған Донецк халықтық республикасының вице-министрі Андрей Пургин болса, украиндық әскерлердің арандату әрекеттеріне қарамастан, ДХР мен ЛХР жасақтары бітімгершілікті қолдайтындарын мәлімдеді.