Бразилияның қазіргі президенті Дилма Руссефф президент сайлауының екінші кезеңі барысында жеңіске жетті. Дауыстардың 99 пайызын есептегеннен таратылған елдің Жоғарғы сайлау трибуналының мәліметтері осыны көрсетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дилма Руссефф 51,62 пайыз дауысқа ие болды, ал оның қарсыласы - социал-демократтар өкілі Аэсиу Невис 48,38 пайыз дауыс жинады. Сөйтіп, Бразилия Конституциясына сәйкес, Дилма Руссефф ел президенті болып тағы төрт жыл қызмет етеді.
Руссеффтің қарсыласы Аэсиу Невис қазіргі президентті жеңісімен құттықтап, оны елді біріктіру үшін қолдан келгенді жасауға шақырды. "Ең басым бағыт бүкіл Бразилияны біріктіру болуы керек деп есептеймін", - деді Невис.
Еске сала кетейік, 26 қазан күні Бразилияда президент сайлауының екінші кезеңі өткен еді. Сонымен бірге, бразилиялықтар елдің 27 штат губернаторының 14-ін сайлады.