17 наурыз 2014 | 10:07

Дипломатиялық деректер АҚШ-тың Ресейге жарияламақ санкцияларының тізімін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

forbes.ru forbes.ru

АҚШ Ресейге Қырымдағы референдум үшін қатал санкция жариялайтынын айтқанына біраз уақыт болды. Бұл туралы Барак Обама Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде референдумды ешқашан мойындамайтынын айтқан болатын. Ресейдің Сыртқы істер министрлігіндегі дипломатиялық деректер "Хвиля" порталында санкциялардың тізімін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. АҚШ қолданғалы отырған шаралар мыналар: капиталды, инвестицияларды, рейтинг және несиелерді толықтай тоқтату, Еуропаға газдың сатылуын шектеу. Ресей тұрғындарының, кәсіпкерлерінің, шенеуніктерінің АҚШ-қа келуіне тиым салу. Сондай-ақ АҚШ-тағы Ресей капиталдары, жекеменшіктері қайта қарастырылады. Жеке меншікке қарасты дүниелердің қандай қаржыға келгендігі тексерілмек және есепшоттар жабылады. Ресей олигархтарының сатып алған мүліктеріне тергеу жүргізілмек. Мысалы Прохоров пен Абрамовичтің спорт клубтары секілді жекеменшік мүліктер тергеледі. Дипломатиялық деректерге сенсек, бұл санкциялар бойынша алдымен тиісті адамдар тұтқындалып, одан кейін тергеу жұмыстары жүргізілмек. Естеріңізге сала кетейік, 16 наурыз күні Қырымның Ресейге қосылуына көпшілік дауыс берген референдумды АҚШ, Германия, Канада, Франция секілді Еуропа елдері мойындамай отыр. Барак Обама Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде ол Қырымдағы референдумды АҚШ және халықаралық қауымдастықтар ешқашан мойындамайтынын жеткізді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети