17 желтоқсан 2020 | 10:41

Диверсант және Горбачевтың көмекшісі. Ресейлік депутат Никонов туралы не белгілі?

© РИА Новости

Tengrinews.kz тілшісі "Первый канал" эфирінде Қазақстан деген ел болмады деген ресейлік тарихшы, саясаткер, депутат Вячеслав Никонов туралы не белгілі екенін анықтады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі "Первый канал" эфирінде Қазақстан деген ел болмады деген ресейлік тарихшы, саясаткер, депутат Вячеслав Никонов туралы не белгілі екенін анықтады. 

Ашық дереккөздерінің мәліметі бойынша, Вячеслав Никонов 1958 жылы Мәскеуде туған. 1973 жылы Мәскеу мемлекеттік университетіне жаңа тарих кафедрасына түскен. "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында Никонов оның мамандығы "Арнайы үгіт-насихат. Жау әскерлерінің ыдырауы" ("Спецпропаганда. Разложение войск противника") екенін айтқан. 

Реклама
Реклама

Сол сұхбатта Псков десанттық дивизиясында әскери дайындықтан өткенін, құпия мамандық "Диверсант, 500 командасы" деп аталғанын айтты. Десанттық, парашют және диверсиялық дайындықтан өткен. Сондай-ақ, "Звезда" телеарнасында ол 1993 жылы Ресей Конституциясы жобаларының бірінің авторы болғанын және 2020 жылы Конституцияға түзетулер енгізгендердің бірі екенін айтты.

"Болмай қалғыр тарихшылар". Танымал ресейліктер дума депутаттарына жауап берді

Ресейлік БАҚ мәліметтері бойынша, Вячеслав Никонов оқуын бітіргеннен кейін өзі білім алған факультетте жұмыс істеуге қалған. Сол жылдары ол партияға құрамына кірді. Алдымен Коммунистік партияның орталық аппаратында нұсқаушы, содан кейін КОКП ОК секторының меңгерушісі болды. ММУ-да жұмыс істеген жылдары жетекші американист болды, америкалық партиялардың тарихы бойынша бірнеше диссертация қорғады.

1990-1991 жылдары КСРО президенті аппаратының басшысы Михаил Горбачевтің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, ол алты ай бойы КСРО МҚК төрағасы Вадим Бакатиннің көмекшісі болып жұмыс істеген. Ал 1991 жылдың желтоқсанында ол АҚШ-тың елшілігінде тыңдау құрылғыларының жүйелерін беруге байланысты жанжалға қатысқандардың бірі болған. Никонов өз басшысын қорғағандардың бірі болған.

1993 жылы желтоқсанда алғаш рет Мемлекеттік Дума депутаты болып сайланды.

1996 жылы Ресейдегі сайлауда Вячеслав Никонов Борис Ельциннің сайлау штабының баспасөз орталығының жетекшісі болды. "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында ол сол кезде нені жасыруға тура келгенін айтты.

"Ел сол кезде қабілетсіз болған президент таңдалғанын білмеді", - деді ол.

Одан бөлек, Никонов Шешенстан Республикасындағы дағдарыстық жағдайдың себептері мен жағдайларын зерттеумен айналысты.

2011 жылдан бастап "Единая Россия" атынан Мемлекеттік Дума депутаты, бюджет және салық комитетінің мүшесі. 2013 жылы Мемлекеттік Думаның білім Комитетінің төрағасы болды. Депутаттық өкілеттігін орындау кезінде ол 31 заңнамалық бастама мен федералды заң жобасына түзетулердің бірлескен авторы болды.

Бүгінде ол ММУ мемлекеттік басқару факультетінің деканы және "Русский мир" қорының басқарма төрағасы. 2018 жылдан бастап америкалық саясаттанушы Дмитрий Саймспен бірге "Бірінші арнада" "Большая игра" бағдарламасын жүргізеді.

Ресейлік тарихшы дума депутаттарының даулы мәлімдемесін жоққа шығарды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная