16 желтоқсан 2020 08:48

Ресейлік тарихшы дума депутаттарының даулы мәлімдемесін жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, Новосібір облысының бұрынғы вице-губернаторы Виктор Козодой "Қазақстан территориясы - Ресейдің үлкен сыйы" деп мәлімдеген депутат Вячеслав Никоновтың сөзін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ойын тарихшы Facebook желісінде жазды.


Ресейлік тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, Новосібір облысының бұрынғы вице-губернаторы Виктор Козодой "Қазақстан территориясы - Ресейдің үлкен сыйы" деп мәлімдеген депутат Вячеслав Никоновтың сөзін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ойын тарихшы Facebook желісінде жазды.

Тарихшының жазбасын келтірейік:

"Өткен аптадағы "сөзталастан" біздің кейбір азамат, оның ішінде біздің сельподағы коммуналдық депутаттар тарих туралы білімін "Иван Васильевич меняет профессию" сияқты кеңестік кинокомедиядан алады-ау деймін. Естеріңізде болса, фильмде Иван Грозный (оның рөлінде Ю.Яковлев ойнаған) "Казань брал, Астрахань брал, Шпака не брал" дейді. Осы күшті "әдістеменің" негізінде біздің болмай қалғыр-ұлтшылдар Қазан мен Астрахан хандықтары болған деген шешім жасайды, ал басқасы туралы айтылмағандықтан, олар тіпті болмаған деген тұжырымға келеді, қазақ мемлекеттігі (кеңес өкіметіне дейін) болмаған деп аузы көпіріп дәлелдегісі де келген. Осындайлар кеңес заманына сілтегенді жақсы көреді. Кеңес десеңіздер кеңеске назар аударайық. Әдебиетке қарайық.

1943 жылы М.Әбдіқалықов пен А.Панкратованың (КСРО ҒА академигі, сөзіне ешкім күмән келтіре алмайтын ғылыми авторитет) "Истории Казахской ССР" атаулы бірінші кітабы шығады. Соның 94-бетінде, яғни 9 параграфында "Қазақ хандының құрылуы мен дамуы" бар, онда "Мемлекет құрылып, Қазақ хандығының негізіне айналған" деген сөз бар. Ары қарай кеттік, 95-бет, "Жас мемлекеттің халық саны өсіп жатты. XV ғасырдың 60-жылдары онда 200 мың адам болды. Қазақ хандығын Жәнібек басқарды".

1949 жылы И.Омаров пен А.Панкратованың редакциясындағы екінші кітап шықты. "Кеңестік тарихтану" осындай.

Қазақ хандығының құрылған жылы деп 1465 жыл көрсетілген (еске салайын, Орыс мемлекетінің "тәуелсіздік" алған жылы - 1480, Уградағы Ұлы қорғаныстан кейін, сосын 15 жылдан кейін болғаны осы, бұл жақсы я жаман емес, бұл Новосібірде қазір қыс және қар бар деген сияқты шынайы факт).

Сондықтан тарихты кинокомедиямен емес, ғылыми зерттеулерден оқу керек, әсіресе кеңес кезінде тұжырымдалып, жоққа шығарылмағанын..."


Виктор Козодой Ельцин-орталықта дәріс оқып жатыр. © wikipedia.org

Бұған дейін Ресей Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов "Бірінші арнадағы" "Большая игра" бағдарламасында "Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстан мүлде қоныстанбаған. Олар (қазақтар. - Ескерт.) әлдеқайда оңтүстікте болған. Және, шын мәнінде, Қазақстан аумағы - бұл Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы" деп мәлімдеген. Қазақстанда ресейлік депутаттың мәлімдемесі үлкен қоғамдық резонанс тудырды. 

Никоновтың өзі даулы сөзіне түсініктеме берді. "Қазақстан Республикасының шекарасына айналған Қазақ КСР шекараларын айқындау кезінде Қазақстанның мүдделері толық көлемде сақталды деп ойлаймын. Бұл туралы "Большая игра" бағдарламасында осыны айтпақ болдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бауырлас Қазақстан халқына деген ең жылы сезімдерімді тағы да білдіремін", - деп жазды Никонов Телеграм-каналында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети