03 наурыз 2018 | 12:22

Джастин Бибердің концертінде лаңкестік жасамақ болған жасөспірім өмір бойына сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © VistaNews.ru Иллюстрациялық сурет © VistaNews.ru

Америкалық танымал әнші Джастин Бибердің Кардифф қаласындағы концертінде лаңкестік жасамақ болған ұлыбританиялық жасөспірім өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Нововсти жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық танымал әнші Джастин Бибердің Кардифф қаласындағы концертінде лаңкестік жасамақ болған ұлыбританиялық жасөспірім өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Нововсти жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 17 жастағы Ллойд Гантон жанкүйерлер тобын көлікпен қағып, айналасындағыларды пышақ және балғамен өлтірмек болған. Ол бірнеше видеожолдау жасап, оның бірінде өзін ДАЙШ (Қазақстанда тыйым салынған) сарбазы деп атайды және "Сирия мен Ирактағы бомбалау әрекеттері үшін" Кардиффке шабуыл жасайтынын айтқан. 

Полиция оның үйін тінту кезінде сөмкеге салынған балға мен пышақты тапқан екен. 

Сотта ол айтқанынан толықтай бас тартып, ДАЙШ және зорлық-зомбылыққа ақымақтықтан қызыққанан барғанын және лаңкестік жасау ойы болмағанын айтқан. Сонымен қоса, ол үйінде Құранның жоғын, Аллаға сенбейтінін және шошқа етін жейтінін айтып ақталған. 

Судья жасөспірімнің қанша уақыттан кейін қоғамға қауіпсіз болатынын анықтай алмайтынын айтқан. Сот үкімімен жасөспірім өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алайда ол 11 жылдан кейін мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жаза алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети