Amazon компаниясының басшысы әрі әлемнің ең бай адамы Джефф Безос климаттың өзгеруіне қарсы күреспен айналысатын жаңа қордың ашылғанын жариялап, оны ашуға 10 миллиард доллар бөлгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Миллиардердің айтуынша, климаттың өзгеруі "ғаламшарға ең үлкен қауіп төндіріп тұр". "Безостың Жер қоры" ғалымдардың, белсенділердің және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қаржыландырады.
"Біз бірге климаттың өзгеруіне әсер ететін жойқын әсермен күресудің жаңа тәсілдерін зерделеуді қалаймын(...) Бастау үшін мен 10 миллиард доллар бөлемін, ал жазда гранттар беру басталады", - деп жазды Безос Instagram-дағы өз парақшасында.
Безос түрлі мемлекеттің үкіметіне, бизнес өкілдеріне, халықаралық ұйымдарға және халықтарға климаттың өзгеруімен күреске шақырды.
"Жер - барлығымызды біріктіретін дүние. Оны бірге қорғайық", - деді миллиардер.
Қазіргі уақытта Джефф Безос Bloomberg миллиардерлер рейтингінде бірінші орында тұр. Оның жағдайы 127 миллиард долларға бағаланған. Amazon капитализациясы триллион доллардан асады.