Джек Ма үш айда алғаш рет халық алдына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джек Ма үш айда алғаш рет халық алдына шықты © REUTERS

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма үш айда алғаш рет халық алдына шықты. Ол қайырымдылық шарасында видеобайланыс арқылы шықты, - деп хабарлайды Reuters

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма үш айда алғаш рет халық алдына шықты. Ол қайырымдылық шарасында видеобайланыс арқылы шықты, - деп хабарлайды Reuters

Қытайдағы Чжэцзян провинциясындағы жергілікті Tianmu News порталының мәліметінше, Джек Ма республика бойынша жиналған 100 ауыл мектебінің мұғалімдерімен видеобайланыс арқылы сөйлескен. Бұл провинцияда Alibaba компаниясының штаб-пәтері орналасқан Ханчжоу қаласы бар. 

Джек Маның қоры кәсіпкер жыл сайынғы онлайн-шараға қатысқанын айтады. Alibaba Group та қытайлық кәсіпкер онлайн-шараға қатысқанын растады. 

"Біз Саньеде пандемияға байланысты кездесе алмадық. Эпидемия біткеннен кейін қайтадан кездесеміз", - деді Джек Ма видеобайланыс арқылы. 

Ресми мәліметтер бойынша, Джек Ма кәсіппен айналысардан жеті жыл бұрын ағылшын тілінен сабақ берген. Ол 2015 жылы ауыл мұғалімдеріне сыйлықақы тағайындап, білім беру қордың негізгі бастамасының бірі екенін мәлімдеді. Бұл шара жыл сайын Қытайдың оңтүстігіндегі Санье қаласында өтеді, алайда биыл пандемияға байланысты онлайн өтті.  

Еске салайық, қаңтар айының басында БАҚ Джек Маның жоғалуына қатысты болжам айтқан болатын. Қытайдағы бай миллиардерлердің бірі Джек Маның жоғалып кетуі ҚХР Коммунистік партиясы елдегі ең ірі интернет-компания Alibaba Group-ты ұлттандыруды жоспарлап отыруымен байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы International Bussines Times басылымындағы мақалада айтылған.

Дереккөз мәліметінше, Alibaba және Ant Group-ты ұлттандыру туралы жоспар "билеуші партияның орталық басшылығынан" басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети