Джеки Чан коронавирусқа қарсы ем ойлап тапқандарға 55 миллион теңге береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джеки Чан коронавирусқа қарсы ем ойлап тапқандарға 55 миллион теңге береді Джеки Чан. © pixabay.com

Қытай актері Джеки Чан коронавирустың жаңа типінне қарсы дәрі жасаған адамға миллион юань (шамамен 55 миллион теңге) беруге уәде етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New Strait Times басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай актері Джеки Чан коронавирустың жаңа типінне қарсы дәрі жасаған адамға миллион юань (шамамен 55 миллион теңге) беруге уәде етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New Strait Times басылымына сілтеме жасап.

"Вируспен күресте "Ғылым мен технология - кілт, көптеген адам бұл ойымды қолдайды деп ойлаймын және емі мүмкіндігінше ерте ойлап табылады деген үміттемін", - деп келтіреді басылым әртістің сөзін.

Жеке тұлға болсын, ұйым болсын - кімде-кім вирусқа антидот жасап шығаратын болса, оған актер сыйақы беруге уәде етті. Актер ниеті дұрыс түсінілмей қалмауын өтінді.

"Мәселе ақшада емес. Бір кездері адам толып жүретін көшелердің бос қалғанын көргім келмейді, отандастарым вируспен өлгенше күрескенін көргім келмейді, олар өмірдің рахатын көруі тиіс", - деді ол.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирус құрбандарының саны 811-ге жетті, 37,1 мың адам ауру жұқтырған, 2649 адам емделіп, ауруханадан шығарылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети