27 қаңтар 2021 | 14:33

Джо Байден COVID-19-ды "қытайлық вирус" деп атауға тыйым салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Джо Байден үкіметтік құжаттарда "қытайлық вирус" терминін қолдануға тыйым салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Джо Байден үкіметтік құжаттарда "қытайлық вирус" терминін қолдануға тыйым салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап.

Джо Байденнің әкімшілігі мен АҚШ-тың Ұлттық саясат жөніндегі кеңесі АҚШ-тың азиялық тұрғындарына қарсы жеккөрушілік қылмыстардың өршуіне байланысты нәсілді қорлайтын терминдерге қатысты бұйрық әзірлеп жатыр.

АҚШ-тың 46-президенті осы аптада COVID-19-ды "қытайлық вирус" деп атауға тыйым салу туралы бұйрық шығарады деген болжам бар. Бұл директиваға коронавирусқа қатысты ксенофобиялық сілтемелерді зерттейтін Әділет департаменті мен АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаментінің нұсқаулары кіреді.

Нәсілдер немесе елдер ерекшелігі аталатын кез келген мәлімдемені қолданыстағы саяси құжаттан, директивтен және Трамп әкімшілігі жариялаған мемлекеттік веб-сайттардан алып тастауға бұйрық беріледі.

Stop AAPI Hate құқық қорғау тобы мәліметі бойынша, 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында АҚШ-та бет-пішіні Азия халқына ұқсас адамдарға шабуыл жасалып, 2,8 мыңнан астам оқиға тіркелген. Онда нәсілдік қорлаудан бастап, химялық қышқыл шашу, пышақ қолданып зорлық-зомбылық көрсету тәрізді қылмыстар тіргелген.

"Осы бұйрық арқылы Трамп әкімшілігі федерал ақшасы мен ресурстарын пайдала отырып тудырған шиеленіскен жағдайдың қоғамға әсер еткен зияны өтеледі деп үміттенемін", - деді Stop AAPI Hate атқарушы директоры Синтия Чхве.

Айта кетейік, 2020 жылғы мамырда Дональд Трамп Қытайды коронавирустың таралуына айыптап, жазалауға шақырған еді. Трамптың өзі COVID-19-ды "қытайлық вирус" десе, оның әкімшілігі вирусқа "кунг-фу" деген атау берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети