ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2021 | 09:28
Джо Байден коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартты
АҚШ президенті Джо Байден коронавирус пандемиясына байланысты елдегі төтенше жағдай режимін ұзартты. Бұл туралы Ақ үй хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Джо Байден коронавирус пандемиясына байланысты елдегі төтенше жағдай режимін ұзартты. Бұл туралы Ақ үй хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды РИА Новости.
"COVID-19 пандемиясы адамдардың денсаулығы мен елдің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Осыған байланысты 2020 жылдың 13 наурызында жарияланған және 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енген төтенше жағдай 2021 жылдың 1 наурызынан кейін де жалғасуы керек... Мен ұлттық төтенше жағдай режимін ұзартамын", - делінген Байден қол қойған құжатта.
Кеше АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 500 мыңнан асты. Жалпы Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 2020 жылы 11 наурызда пандемия жариялаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также