1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Джо Байден коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартты 25 ақпан 2021, 09:28

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус пандемиясына байланысты елдегі төтенше жағдай режимін ұзартты. Бұл туралы Ақ үй хабарламасында жазылған,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© REUTERS © REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус пандемиясына байланысты елдегі төтенше жағдай режимін ұзартты. Бұл туралы Ақ үй хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды РИА Новости

"COVID-19 пандемиясы адамдардың денсаулығы мен елдің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Осыған байланысты 2020 жылдың 13 наурызында жарияланған және 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енген төтенше жағдай 2021 жылдың 1 наурызынан кейін де жалғасуы керек... Мен ұлттық төтенше жағдай режимін ұзартамын", - делінген Байден қол қойған құжатта.

Кеше АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 500 мыңнан асты. Жалпы Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асады.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 2020 жылы 11 наурызда пандемия жариялаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!