Джо Байденге тікелей эфирде коронавирустан вакцина салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джо Байденге тікелей эфирде коронавирустан вакцина салынды © Reuters

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденге тікелей эфирде коронавирустан екпе салынды. Вакцинаны Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған. Екпе дүйсенбіде Ньюарк қаласындағы (Делавэр штаты) ChristianaCare ауруханасында жасалған. Бұл туралы CNN телеарнасының сюжетінде айтылды.

Байден америкалықтарға вакцинаның қауіпсіз екенін айтты.

"Мен мұны вакцина әзір болған кезде адамдар салғызуға дайын болуы үшін жария түрде көрсетіп жатырмын. Уайымдайтын себеп жоқ. Мен екінші екпені асыға күтемін", - деді ол. 

Байден вакцинаны жұбайы Джилл де салғызғанын атап өтті.

Президенттің баспасөз хатшысы Джен Псаки вице-президент Камала Харрис және оның күйеуі Дуг Эмхофф келесі аптада екпе салғызатынын айтты.

Джонс Хопкинс университетінің 22 желтоқсандағы мәліметінше АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты. 319 190 науқас қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети