27 қазан 2017 | 10:52

Джон Кеннедидің өлімі бойынша жаңадан ашылған құпия мәліметтер: КСРО билігінің әрекеті қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Elle © Elle

КСРО АҚШ президенті Джон Кеннедидің 1963 жылғы өлімін вице-президент Линдон Джонсонның астыртын әрекетінен болған деп есептеген. Бұл туралы ФТБ-ның 1966 жылғы құпия мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

КСРО АҚШ президенті Джон Кеннедидің 1963 жылғы өлімін вице-президент Линдон Джонсонның астыртын әрекетінен болған деп есептеген. Бұл туралы ФТБ-ның 1966 жылғы құпия мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Джонсон Кеннедидің өлімінен кейін 1963 жылы АҚШ президенті болған. 

ФТБ дереккөзінің мәліметінше, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің Нью-Йорктегі резидентурасында 1965 жылы кеңестік барлаушылар Джонсонның жеке өмірі, өмірбаяны, жеке достары, отбасы және оны қолдағандар туралы бар мәліметті жинақтау туралы тапсырма алған делінеді.

"Біздің дереккөз Мәскеуден келген нұсқаулықта "қазіргі уақытта" МҚК президент Джонсон қаза тапқан президент Джон Кеннедидің өліміне жауапты болды делінген мәлімет болғанын айтты. МҚК штаб-пәтері осы мәлімет тұрғысында кеңес үкіметі президент Джонсонның Кеннедидің отбасымен, әсіресе президент Джонсонның (президенттің бауырлары - Авт.) Роберт пен Тед Кеннедилермен қарым-қатынасы жайлы білгісі келген", - делінген сол кездегі директоры Эдгар Гувер қол қойған ФТБ құжатында.

Ал КСРО-да болған басқа дереккөз ФТБ-ның 1963 жылы Кеңес Одағының Коммунистік партиясының басшылығы кісі өлтіру оқиғасы АҚШ-тағы ішкі астыртын әрекеттен болған деп есептегенін хабарлаған.

"Біздің дереккөздің мәліметінше, Кеңес Одағының Коммунистік партиясының ресми тұлғалары бұл оқиғаны АҚШ-тағы "ультрақұқылылар" тарапынан "төңкеріс" жасау үшін ыждаһатпен ұйымдастырылған астыртын әрекет болған деп есептеген. Соған қарағанда, олар кісі өлтіру оқиғасының бір адамның қолынан келген іс емес, бірнеше адам рөл атқарған ыждаһатты жоспарланған кампанияның әрекетінен болған нәтиже деп есептеген", - делінген құжатта. 

"Олар (Коммунистік партияның басшылығы - Авт.), бұл элементтер (астыртын әрекет еткендер - Авт.) оқиғаны қолдану арқылы АҚШ-тағы антикоммунистік көңіл-күй жасағысы келген, сосын мұны Кеңес Одағымен келіссөздерді тоқтатуға, Кубаға шабуыл жасап, соғыс ұйымдастыру үшін қолданды деп санады. Осы тұжырымдарының нәтижесінде Кеңес Одағы дереу жоғары дайындық жағдайына өтті", - делінген құжатта. 

"Біздің дереккөздің мәлімдеуіне қарағанда, кеңестің ресми тұлғалары қандай да бір лидердің болмауынан АҚШ-тағы жауапсыз генералдардың бірі Кеңес Одағына қарай зымыран ұшыруы мүмкін деп қорыққан. Бұдан бөлек, әсіресе АҚШ компартиясының "ультрасолдардың" тарапынан бейбіт тіршілік кешу мен Кеннеди әкімшілігінің қарусыздануды қолдауы үшін қудалауға ұшырағанын ескерсек, кеңестік ресми тұлғалар кісі өлтіруге араласып кеткендер ғана жауапты болды деп санаған", - делінген баяндамада.

Джон Фицджералд Кеннеди - АҚШ-тың 35-президенті. Өмірінің соңғы жылдарында халықаралық даулы мәселелерді бейбіт келіссөздер арқылы шешуге, КСРО-мен неғұрлым оңтайлы қарым-қатынас жасауға әрекет етті.  1963 жылы тамызда жерде, әуеде және суда ядро қаруын сынауға тыйым салу жөніндегі Мәскеу шартына қол қойды. Соңғы саясаткерлер Джон Кеннедиді АҚШ президенттерінің ішінде халықаралық проблемаларды ең оңтайлы шешетін президент ретінде таныды. Жалпы жұртқа белгілі нұсқа бойынша, ол саяси қарсыластары тапсырмасымен жасалған қарақшылық салдарынан қаза тапты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети