Джордж Флойд ұсталған кезде 20 реттен астам "дем ала алмай жатырмын" деген - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джордж Флойд ұсталған кезде 20 реттен астам "дем ала алмай жатырмын" деген - БАҚ

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полицей тұтқындағаннан кейін афроамерикалық Джордж Флойд қайтыс болғанға дейін 20 реттен астам "дем ала алмай жатырмын" деген, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полицей тұтқындағаннан кейін афроамерикалық Джордж Флойд қайтыс болғанға дейін 20 реттен астам "дем ала алмай жатырмын" деген, - деп хабарлайды РИА Новости

Сәрсенбіде сот Флойдты тұтқындаға кезде болған полицейлердің біреуінің видеотіркегішіндегі стенограмманы жариялады. Жазбадан афроамерикалықты жерге тізерлегенге дейін бірнеше рет полицейлерге қиналып жатқанын айтқаны естіледі.

New York Times газеті Флойдты патрульдік көлікке отырғазайын деп жатқанда клаустрофобиямен ауыратынын және тыныс ала алмай жатқанын айтқанын хабарлады. 

Флойд мамыр айының соңында Миннеаполисте полицейлер ұстағаннан кейін қайтыс болды.  Оның өлімінен кейін Интернетте Флойдқа кісен таққаны және үшеулеп жерге жатқызғаны, бір полицей тізесімен мойнынан басып тұрғаны түсірілген видео тарады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети