11 ақпан 2016 | 10:12

Доминикан елінде ресейлік ұшақтың апат жағдайында қонуы кезінде шассиі өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Доминикан Республикасында Orenair әуе компаниясының Мәскеуге қарай бағыт алған ресейлік ұшағының апат жағдайында қону кезінде шассиі өртенді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Доминикан Республикасында Orenair әуе компаниясының Мәскеуге қарай бағыт алған ресейлік ұшағының апат жағдайында қону кезінде шассиі өртенді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бортта ақаулар ұшқаннан кейін бірнеше минут өткенде шыққан. Алдын ала мәліметтер бойынша, Orenair әуе компаниясының Boeing 777-200 ұшағының бортында экипаждың 20 мүшесі мен 351 жолаушы болған. Ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар үрмелі трап арқылы эвакуацияланды. Болжам бойынша, ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан.

Ұшақ жолаушылары Пунта-Кана қаласындағы қонақүйге орналасты. "Жолаушылар әзірше жүктерін ала алмады, бұл мақсатта белгілі бір әрекеттер керек, өздері болса Believe қонақүйінде орналасып жатыр, ешкім зардап шекпеді", - деп хабарлады Венесуэладағы және Доминикан еліндегі ресейлік елші Владимир Заемский. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети