Донбасс ешқашан Ресей аумағына кірмейді - Зеленский

ПОДЕЛИТЬСЯ

Донбасс ешқашан Ресей аумағына кірмейді - Зеленский Фото ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс ешқашан Ресей аумағына кірмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс ешқашан Ресей аумағына кірмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Донбасс пен Қырымда тұратын халық осыны түсінуі керек. Бұл біреуді бір жерден қуып жатқандық емес. Жәй ғана түсінгенін қалаймын. Егер уақытша жаулап алынған Донбасс аумағында тұрсаңыз және "біздің ісіміз дұрыс, біз Ресейге барамыз, біз ресейлікпіз" деп ойласаңыз, Донбаста тұру үлкен қателік. Бұл ешқашан Ресей аумағы болмайды. Ешқашан. Оның қашан басып алынғаны маңызды емес, түсінесіз бе? Бұл Германиядағы қабырға сияқты. Бұл маңызды емес", - деді Владимир Зеленский "Дом" телеарнасына берген сұхбатында. Видо үзіндісі Telegram-арнада жарияланды.

Ел президенті Донбасс тұрғындарына үндеу жолдады.

"Ресейді жақсы көрсеңіз, бүкіл өміріңізді Украина аумағында өткізгеніңізбен, бұл Ресей деп сезінсеңіз... Егер сіз Ресейді сағынсаңыз, Отаным деп санасаңыз балаларыңыз бен немерелеріңіз үшін қазірден бастап Ресейден орын іздеңіз. Себебі Украинасыз бұл аумақта өркениет болмайды. Украина дамиды, бұл өлкенің өсуі үшін бәрі салынады. Бірақ егер сіз өзіңізді украин сезінсеңіз, егер сіз осы елдің туын құрметтесеңіз, Украин мовасын (тілді) құрметтесеңіз осында қалыңыз. Бұл жер бәрібір кез келген жағдайда қайтырлады. Бұл тарих. Мұнда "қалыпты" - "қалыпты емес" деген жоқ. Сен кімсің? Соған жауап іздеңіз", - деді Зеленский.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети