Дубайдан Дондағы Ростовқа "Боинг" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады бағыт алған "Боинг-737-800" ұшағы жерге қонып жатқан кезде апатқа ұшырады. Болжам бойынша, бортта болған 55 адамның барлығы қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ұшақ №981 рейсін орындаған еді. Болжам бойынша, бортта 55 жолаушы болған, ұшақ әуежай аумағында, ұшып-қону жолағына жақын жерге құлады", - делінген өңірлік жедел қызмет агенттігі дереккөзінің хабарламасында.
Оның айтуынша, ұшақ көру мүмкіндігінің төмен болуынан екінші айналымға кіріп жатқан. "Ұшақтың құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін", - деді агенттік өкілі. Ол ұшақ апатқа ұшыраған кезде жаңбыр жауып тұрғанын айтты.
Қайғылы оқиға бүгін, Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Дондағы Ростов әуежайында болды. Дубайдан келе жатқан "Боинг-737-800" ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген.