16 мамыр 2014 | 10:00

Донецкі жасақшылары украина әскерилеріне ультиматум жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Здрилюктің ультиматум оқып тұрған сәті. © РИА Новости Сергей Здрилюктің ультиматум оқып тұрған сәті. © РИА Новости

"Донецкі Халықтық Республикасының басшылығы украиналық күштік құрылымдар мен украина әскерилеріне және "Правый сектор" жауынгерлеріне ультиматум жариялады. Ультиматумнің мерзімі 16 мамырда аяқталады. Жасақшылардың талабы: украиналық әскерлер елдің оңтүстік шығысындағы қалаларды тастап шығып, жоқ дегенде 20 шақырымға кетуі және бейбіт тұрғындарға күш көрсетуді тоқтатуы тиіс" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Россия-24" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Донецкі Халықтық Республикасының басшылығы украиналық күштік құрылымдар мен украина әскерилеріне және "Правый сектор" жауынгерлеріне ультиматум жариялады. Ультиматумнің мерзімі 16 мамырда аяқталады. Жасақшылардың талабы: украиналық әскерлер елдің оңтүстік шығысындағы қалаларды тастап шығып, жоқ дегенде 20 шақырымға кетуі және бейбіт тұрғындарға күш көрсетуді тоқтатуы тиіс" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Россия-24" телеарнасына сілтеме жасап.

Олай болмаған жағдайда қорғаныс отрядтары шабуылға шығып, қарсыласын тас-талқан ететін болады. "Ультиматум мерзімінің бітуіне бір сағат қалды, украиналық окупанттар заңсыз қойылған блокпосттарды алып тастап, әскерилер мен техникаларын Донбастан алып кетуі тиіс. Олай болмаған жағдайда фашистердің бар техникасы, әскері жермен жексен болады" деп жазады Facebook парақшасында ДХР жетекшісі Павел Губарев. Сондай-ақ ол тұрғындарға Донбастың әскери жағдайға өтетінін хабарлады.

Бұған дейін Донецкі Халықтық Республикасы армиясының Бас қолбасшысы Сергей Здрилюк "украиналық әскерлерді құртамын" деп сес көрсеткен еді. Оның сөзіне қарағанда, шабуылға шығу үшін ауыр әскери техника жетерлік. "Егер бірнеше сағаттан соң украиналық әскерлер мен әскери техника Донецкіден өз еркімен кетпесе, онда одан кейінгі жағдайға жауап бермеймін. Ол кезде қолында қаруы бар сарбаз мерзімдік қызметке шақырылған 18 жасар жасөспірім бе, кәсіби әскер ме, не жалдамалылар ма мені қызықтырмайды. Егер әскери техника Донецкіден 20-30 шақырымға кетпесе, блок посттар алынбаса, бәрі өртке оранып, жойылады. Менде диверсиялық барлаушы топ бар", - деп мәлімдеді Здрилюк.

Ультиматумға жауап ретінде Киев оңтүстік шығыстағы әскери топтарды күшейтті. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Андрей Парубий "украина армиясы жауап ретінде батыл әрекеттерге баратын болады" деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, референдумнан кейін 12 мамырда Луганскі мен Донецкі өздерінің тәуелсіздігін жариялаған болатын. Бұған дейін "Оңтүстік Шығыс" қозғалысының жетекшісі Олег Царев Украинаның сегіз облысын (Одесса, Николаевскі, Херсонскі, Запорожскі, Донецкі, Луганскі, Харьков және Днепропетровскі) біріктіріп, жаңа мемлекет - "Новороссия" құрылатынын айтқан еді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети