31 мамыр 2014 12:35

Донецк маңында және Луганск облысының шекара бекетінде атыс-шабыс жүріп жатыр

Донецкідегі "Восток" батольонының жауынгерлері. Фото: РИА Новости

Луганск облысы мен Донецкіде атыс-шабыс боп жатқандығы туралы шұғыл хабарламалар ақпарат агенттіктеріне ұдайы келіп түсіп жатыр. "Украинская правда"  30 мамырда кешкісін Луганскі облысының "Дьяково" украин шекара бекетіне қарулы жауынгерлер шабуылдағанын хабарлайды. "Жүк көлігінен түскен 80-ге жуық жауынгер шабуылға бірден кіріскен. "Олар мылтық пен жарылғыш заттар пайдалануда", - дейді Украинаның мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасаған аталған басылым. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram