31 мамыр 2014 12:35

Донецк маңында және Луганск облысының шекара бекетінде атыс-шабыс жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Донецкідегі "Восток" батольонының жауынгерлері. Фото: РИА Новости Донецкідегі "Восток" батольонының жауынгерлері. Фото: РИА Новости

Луганск облысы мен Донецкіде атыс-шабыс боп жатқандығы туралы шұғыл хабарламалар ақпарат агенттіктеріне ұдайы келіп түсіп жатыр. "Украинская правда"  30 мамырда кешкісін Луганскі облысының "Дьяково" украин шекара бекетіне қарулы жауынгерлер шабуылдағанын хабарлайды. "Жүк көлігінен түскен 80-ге жуық жауынгер шабуылға бірден кіріскен. "Олар мылтық пен жарылғыш заттар пайдалануда", - дейді Украинаның мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасаған аталған басылым. 

"Шабуылдаушыларға тойтарыс беру үшін шекарашыларға  украин тарапынан авиация көмекке келген. "Алайда қараңғыда жауды анықтау күрделі болғандықтан олардың іс-қимылы қиындаған.  Штаб шекарашыларға көмекке брон техникаларын да жөнелтті" деп жазады Facebook-тегі жеке парақшасында "Ақпараттық қарсыласу" тобының үйлестірушісі Дмитрий Тымчук.

"Украинская правда" басылымының жазуына қарағанда,  "Мемлекеттік шекара қызметі мен АТО күштерінің назарын бұру мақсатында жүзеге шекарашыларға шабуыл жасалған, өйткені басқа бағытқа лаңкестерді немесе қару-жарақ тасымалын жүзеге асыру өзектілік танытқан".

Дегенмен өз-өзін Луганск республикасы деп жариялап алушылар "Дьяково" шекара бекетінде Луганск республикасының жақтас казактары мен украин шекарашылары арасында қарулы қақтығыс болғанын айтып отыр. Бұл атыс-шабыстың немен аяқталғаны әлі белгісіз.

31 мамырда таңертең Донецк маңында - Хорошево поселкесінде оқ атылған деп хабарлайды "Россия-24" телеарнасы. "Шахтер" футбол клубының жаттығу кешені ауданында автоматтың үздіксіз атқылаған және жарылыстардың дауысы естіліп жатыр. Оған жақын орналасқан Зымыранға қарсы қорғаныс бөлімінің төбесінде тікұшақтар айналып жүр.  Сондай-ақ халықаралық әуе-жайда - өз-өзін қорғау күштері штабында да зеңбіректен оқ жауған жаңа қарулы қақтығыс басталып кетті" деп хабарлануда. 

Сонымен қатар сенбінің түнінде Славянскіде атыс-шабыс жалғасқан. Миномет пен ауыр зеңбірек дүмпуі бір тыншымауда. Куәгерлердің айтуынша, аспанда тікұшақтар жүрген. Қала тұрғындарының басым бөлігі түндерін жертөледе өткізген. Бірнеше мина қаланың қақ ортасында жарылған. Ал атыс барысында кем дегенде бір адам қаза болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети