Әлеуметтік желілерде Донецкіде химиялық өнім шығаратын зауытта жарылыс болғаны жайлы ақпарат тарады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Донецкіде химиялық өнім шығаратын зауытта жарылыс болғаны жайлы ақпарат тарады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.
Еске салайық, жақында Минскіде атыс-шабысты тоқтату туралы келісімге қол қойылған болатын.
Әлеуметтік желілердегі ақапарттарға сүйенсек, жарылыс Донецк қаласының Куйбышев ауданындағы 12 тонна гексоген (пластикалык жарғыш заттарды жасау үшін қолданылатын жоғары куатты жарғыш зат ) сақталған зауыттың жетінші цехында болған.
"Жарылыс болған ауданда тұрғындар қатты үрейленді. Өрттің түтіні қаладағы барлық аудандарға көрінді" дейді әлеуметтік желіні пайдаланушылар.
Оқиғаға куә болған тұрғындардың айтуынша, химиялық зауыттағы жарылыстан кейін Донецкінің Киров ауданында да қуатты екі жарылыс болған.
Зауыттағы өрт туралы деректерді украиндық БАҚ-да жоққа шығармайды. "Украинская правда" басылымының мәліметінше, таңертеңнен бері бір-екі дүркін атыс дыбыстары естілген. Сондай-ақ басылым Луганск облысында қаруланған адамдар бес мәрте қатарынан атыс-шабысты тоқтату туралы келісімді бұзғанын да жазады.
Еске салайық, 19 қыркүйек күні Киев пен өзге тараптың өкілдері Ресейдің және БҰҰ қатысуымен бұл аймақта атыс-шабысты тоқтату туралы келісімге қол қойған болатын.