23 маусым 2020 07:13

ДСҰ басшысы коронавирус пандемиясын жеңудің жалғыз жолын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы әлі де күш алып жатқанын және оның салдары ондаған жылға созылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Біріккен Араб Әмірліктері ұйымдастырған денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі онлайн форумда айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YouTube-тегі видеоға сілтеме жасап.

Гебрейесус алғашқы миллион адам коронавирус үш айда жұқтырғанын, тағы бір миллион адам соңғы сегіз күнде жұқтырғанын еске салды.

"Пандемия денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс, экономикалық дағдарыс, әлеуметтік дағдарыс және көптеген елдегі саяси дағдарыстан да қатерлі екенін білеміз. Оның салдары ондағал жылға созылады", - деді Гебрейесус.

Сондай-ақ, ДСҰ басшысы дүние жүзіне төніп тұрған қауіптен гөрі "жаһандық ынтымақтастық пен жаһандық озаттықтың жоғы" қауіптірек деген пікір білдірді.

"Бірде-бір ұйым, бірде-бір мемлекет жалғыз өзі бұл пандемияны жеңе алмайды... Әлем бірікпесе, бұл пандемияны жеңе алмаймыз", - деген Гебрейесус пандемияны саясиландыру оны күшейте түскенін айтып.

Еске салайық, COVID-19 инфекциясы былтыр Қытайда тіркелген. 2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети