Дубайда салынатын Аладдин қаласының дизайнының құрастыру жұмыстары дүйсенбі күні басталды, - деп хабарлайды Arabian Business басылымы қала билігінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Дубайда салынатын Аладдин қаласының дизайнының құрастыру жұмыстары дүйсенбі күні басталды, - деп хабарлайды Arabian Business басылымы қала билігінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Аладдин мен Теңізші Синбад деген араб ертегілерінің желісі бойынша салынатын жоба Dubai Creek бұғазы аумағында орналасады екен.
Муниципалитеттің хабарламасы бойынша, үш ғимараттың дизайны құрастырылып жатыр. Дизайнның соңғы нұсқасы бір жыл ішінде таныстырылады деп күтіліп отыр
Аладдин қаласының 2014 жылдан бері салынатыны хабарланып келеді. Оның ішінде сауда орталықтары және қонақүйлер орналасады, оларды айдаһар мен жыланның кейіпіндегі құрылыс жалғап тұрады және қозғалмалы еден болады. Жобаның жалпы ауданы - 110 мың шаршы метр.