30 желтоқсан 2015 16:24

Дубайда тағы бір Тәж-Махал салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тадж-Арабия" кешені © tajarabia.com "Тадж-Арабия" кешені © tajarabia.com

Дубайда 2020 жылы тағы бір Тәж-Махал салынады. "Русские Эмираты" журналының мәліметінше, "Тәж-Арабия" туристер кешенінің құрылысы 2016 жылы басталады. Оның Үндістандағы жәдігермен бірдей болатыны хабарланып отыр, - деп хабарлайды Lenta.ru


Дубайда 2020 жылы тағы бір Тәж-Махал салынады. "Русские Эмираты" журналының мәліметінше, "Тәж-Арабия" туристер кешенінің құрылысы 2016 жылы басталады. Оның Үндістандағы жәдігермен бірдей болатыны хабарланып отыр, - деп хабарлайды Lenta.ru

"Тәж-Арабия" Dubailand ойын-сауық саябағының 8 гектер территориясын алмақ. Кешен ішінде бес жұлдыз мәртебесі бар қонақүй, 400 бөлмесі бар номер қоры, 300 тұрғын үй апартаменті, дүкендер, бутиктер және екі мың адамға арналған банкет залы болады. 

Жоба авторлары "Тәж-Арабия" кешенінің Бурж Халифа (әлемдегі ең биік ғимарат) заманынан бергі тарихтағы ең ірі құрылыс жобасы әрі Дубайдағы Экспо-2020 өткізу кезінде "туристер Меккесі" болады деп үміттеніп отыр. 

Айта кетейік, Тәж-Махал Үндістандағы ең әйгілі ғимарат және ЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны. Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл монумент Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан. Тәж Махал кесенесін Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шах 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болған тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған. Кейіннен құсадан қайтыс болған шахтың өзі де сүйікті тоқалының қасына жерленген. 1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. "Өлмес махаббат" нышаны болып саналатын Тәж Махал - әлемдегі жеті кереметтің бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети