Дудьтің үстінен іс қозғалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дудьтің үстінен іс қозғалды Юрий Дудь. Фото: Екатерина Чеснокова/РИА Новости

Ресейлік журналист Юрий Дудьтің үстінен әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік журналист Юрий Дудьтің үстінен әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Агенттік мәліметі бойынша, істің сотта қаралатын уақыты әлі нақтыланбаған. Блогерге бір жарым миллион рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Дудьтің бағдарламаларын тексеру туралы өтінішті полицияға "Лига безопасного интернета" ұйымы түсірген. Сарапшылар оның блогер Иван Гай мен рэп-орындаушы Моргенштерннен алған сұхбатында есірткіні насихаттау болғанын айтады.
 
Айта кетейік, жақында Моргенштерн де осындай іске қатысты болған еді. Сот оның екі әнінде есірткі насихатталды деп шешіп, Моргенштернге жүз мың рубль айыппұл салған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети