Дүние жүзінде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 230 мың адам анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзінде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 230 мың адам анықталған © Reuters

Соңғы тәулікте дүние жүзінде 230 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны - 12,5 миллион. Бұл туралы жексенбі, 12 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы тәулікте дүние жүзінде 230 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны - 12,5 миллион. Бұл туралы жексенбі, 12 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Ұйымның соңғы мәліметтері бойынша, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 230 370 адам анықталған, оның ішінде, 5285 адам қайтыс болған.

Осылайша, ДДҰ мәліметінше, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 12 552 765-ке, ал қайтыс болғандар - 561 617-ге жеткен.

Алдыңғы рекорд 10 маусымда болған: ұйым мәліметінше, бір тәулікте 228 мың адам анықталған. 

Коронавирус жұқтырғандар саны көп ел - Солтүстік және Оңтүстік Америка (6 540 222) және Еуропа елдері (2 907 654).  

Ал Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметі бойынша, 12 шілдеде дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 12 813 864 адамға жеткен, 566 790 адам қайтыс болған, тағы 7 046 535 адам аурудан айыққан.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети