Дүние жүзіндегі ең бай адам мемлекеттен өзін мұқият тексеруді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзіндегі ең бай адам мемлекеттен өзін мұқият тексеруді сұрады Фото: Reuters

Amazon басшысы Джефф Безос АҚШ билігінен өзін және компаниясын мұқият тексеруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі америкалық корпорацияның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Amazon басшысы Джефф Безос АҚШ билігінен өзін және компаниясын мұқият тексеруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі америкалық корпорацияның сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең бай адам АҚШ конгресінде өтетін монополияға қарсы отырыста сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. 

"Мен Amazon компаниясын мұқият тексеру керек деп ойлаймын. Сондай-ақ, барлық ірі институтты: компаниялар, ведомстволар, үкіметтік емес ұйымдарды мұқият тексерген жөн. Біздің басты мақсатымыз - жақсы нәтиже көрсету", - дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, Джефф Безос Amazon соңғы 10 жылда АҚШ экономикасына 270 миллиард доллар инвестиция тартқанын атап өтті. Компания дүкендерінде әлемдегі 1,7 миллион кәсіпорының тауарлары қойылған. 

Америкалық кәсіпкер "әлемге ірі компаниялар керек" деген пікірде.

Айта кетейік, осы жылдың 20 шілдесінде Джефф Безос бір күнде 13 миллиард доллар пайда тапқан. Оның байлығы 178 миллиард долларға бағаланып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети