13 сәуір 2020 09:24

Дүниежүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 105 мыңнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS© REUTERS©

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 105 мыңнан асты. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 105 мыңнан асты. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны - 1 696 588, оның ішінде 105 952 адам вирустан қайтыс болған. 

ДДСҰ мәліметі бойынша, бір тәулікте 85 679 адамнан коронавирус анықталған. Соңғы 24 сағат ішінде 6262 адам көз жұмған. 

Ұйым мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус жұқтыру дерегі еуропалық аймақта көп тіркелген екен, кәрі құрлықта 880 106 адамнан COVID-19 анықталған. 

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 961-ге жетті. Оның ішінде 99 адам жазылып шықса, 10 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети