ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартпақ Фото: pixabay.com

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Қытай доллардан бас тартқысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finance.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Қытай доллардан бас тартқысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finance.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы "Еуразиялық экономикалық одақ және "Бір белдеу, бір жол" қытайлық бастаманың түйісуі" форумында айтылды.

ЕАЭО және Қытай арасында есептесу кезінде доллар және еуроны пайдалану бизнеспен қоса, сол елдердің бюджетіне шығын келтіреді. Бұдан құтылу үшін, сондай-ақ халықаралық санкцияларға тәуелді болмау үшін ЕАЭО мен Қытай не ұлттық валютада, не жеке үстіңгі ұлттық валютада есеп айырысуы керек.

"Өзіміз бағасын белгілемейтін құнмен сауда жасайтынымыз компанияларға көп шығын келтіреді. Сондай-ақ экономикамызды офшорлаудан да аз шығын болмайды", - деді ЕЭК интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Сергей Глазьев.

Қытай халық университеті Макроэкономикалық зерттеу департаментінің директоры Лю Юй Шудің айтуынша, транзакцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін және қауіптерді жоюдың ең тиімді жолы - цифрлық ұлттық валютада есеп айырысу. Бірақ бұл әзіргше талқылау сатысында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети