09 қаңтар 2018 | 14:57

ЕАЭО-ның Кедендік кодексін қабылдау дауына қатысты Қырғызстанда лауазымды шенеунік қызметтен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразиялық экономикалық одағындағы (ЕАЭО) Қырғызстан өкілі Санжар Уметалиев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Еуразиялық экономикалық одағындағы (ЕАЭО) Қырғызстан өкілі Санжар Уметалиев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости

ЕАЭО-ның кедендік кодексі одақтың барлық кеңістігінде 1 қаңтардан бастап күшіне енген. Қырғызстан Парламенті Кедендік кодексті 2017 жылдың желтоқсанында ратификациялаған. Алайда осыдан кейін құжаттың Қырғызстанда тек 15 қаңтарда күшіне енетіні анықталады. Осыған байланысты 30 желтоқсанда парламент қатені түзеу үшін кезектен тыс жиналыс өткізуге мәжбүр болды. 

Осы оқиғаға байланысты Қырғызстанның үкімет басшысы Сапар Исаков ЕАЭО-дағы Қырғызстан өкілі Уметалиев Санжарды орнынан босату туралы қаулыға қол қойды.

Сонымен қатар, бірнеше лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланған. 

"Қаулы бойынша Қырғызстан Республикасының экономика министрі Артем Новиков пен Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Кубанычбек Кулматовқа сөгіс жарияланды. Экономика министрінің орынбасары Баккельди Тюменбаев пен Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Замирбек Ниязалиевке қатаң сөгіс жарияланды. Міндетін лайықты атқара алмағаны үшін үкімет аппаратының бірнеше қызметкері жұмыстан босатылды", - делінген министрлер кабинетінің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети