Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Эбола безгегі белгісі бар әйел әуежайда қайтыс болды

18 Тамыз 2014, 11:52
0

Эбола безгегі болуы мүмкін деп топшыланған ауру белгілері бар әйел Әбу Даби әуежайының транзиттік аймағында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, Эбола безгегі Батыс Африкада 1145 адамның өмірін қиды.

Агенттіктің мәліметінше, 35 жастағы әйел қатерлі ісіктен емделу мақсатымен Нигериядан Үндістанға ұшқан. Ол 17 тамыз күні қайтыс болды. Әбу Даби әуежайында рейс ауыстыру кезінде әйелдің жағдайы нашарлаған. Жәрдемге келген медициналық бригада оның Эбола безгегі белгілерінен қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады.

Еске сала кетейік, БҰҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша соңғы бес айда Эбола безгегінен 1145 адам қайтыс болды, оның ішінде, Либерияда 413 адамның өмірі қиылды. Эбола безгегіне қарсы ем мен тиімді вакцина болмай тұр, алайда індет тарағаннан кейін АҚШ пен Канада өндірушілері бұл жұқпалы ауруға қарсы препарат әзірлеуді қолға алатынын мәлімдеді. Денсаулық сақтау бүкіләлемдік ұйымы ауруды емдеу үшін адамдарға дәрі-дәрмекті сынақтан өткізудің этикаға қайшы емес екенін мақұлдады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай