Еден жуушы министрді жұмыстан шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еден жуушы министрді жұмыстан шығарды Сурет vesti.ru сайтынан

Ұлыбританиядағы миграция ісі жөніндегі мемлекеттік министр Марк Харпер мен еден жуушының араларындағы даудың арты ушығып, ақырында шенеунік өз еркімен жұмыстан кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.ru-ға сілтеме жасап. Кейін белгілі болғандай, министр Ұлыбританияда жұмыс істеуге құқы жоқ әйелді штатқа алып қойған екен. Бұл істі құзырлы орындар елде заңсыз жүргендермен айналысатындарға тапсыруға мүжбүр болған. Министрдің өзі «әйел мені алдап соқты» деп ашулы. Оның айтуына қарағанда, әйел жалған құжаттар көрсеткен әкімшілікке. Алайда отставка берген министрдің өзі. «Мен елдің көші-қон заңдарының бұзылмауын қадағалауға тиіс едім. Ондай болса, өзім де талапты орындауға міндеттімін» деп түсіндірген екен ол өзінің шешімін. Иә, осындай «істегенін мойнымен көтеретін» шенеуніктер бізде, Қазақстанда да көп болса ғой. Үлгі алуға тұрарлық қылық. Марк Харпердді мигранттар қатал шенеунік деп таниды. Ол - жұмыс берушілерді, жалға берушілерді және дәрігерлерді келіп-кетіп жатқандардың құжаттарын тексеруге міндеттейтін заңдық норма енгізген министр. Сонымен қатар, таққа отырған күннен бастап көліктерге «Елде заңсыз жүрсің бе? Үйіңе қайт немесе қамауға алынасың!» деген ұран жазылған плакаттар жапсыртқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети