Эдуард Шеварднадзе өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эдуард Шеварднадзе өмірден өтті Эдуард Шеварднадзе. ©РИА Новости

Грузияның белгілі саяси және мемлекеттік қайраткері, экс-президент Эдуард Шеварднадзе қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның белгілі саяси және мемлекеттік қайраткері, экс-президент Эдуард Шеварднадзе қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

"Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе қайтыс болды", - деп хабарлады "Россия-24". Бұл ақпаратты мемлекет қайраткерінің отбасы мүшелеріне сілтеме жасаған "Эхо Москвы" мен РИА Новости де таратты.

Шеварднадзе биыл қаңтар айында 86 жасқа толған еді. Ол 1995-2003 жылдары Грузия президенті болды. Оған дейін Грузин КСР Қоғамдық тәртіпті қорғау министрі (1965-1968), Грузин КСР Ішкі істер министрі (1968-1972), Грузия КП Орталық комитетінің бірінші хатшысы (1972-1985), КСРО Сыртқы істер министрі (1985-1990), КСРО Сыртқы байланыстар министрі (1991 жылдың 18 қарашасынан 8 желтоқсанына дейін) қызметтерін атқарды. Шеварднадзе Социалистік Еңбек Ері, ішкі қызмет генерал-майоры болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети