Эфиопиядағы апат: екі минутқа кешіккен Афина тұрғыны өмірін сақтап қалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эфиопиядағы апат: екі минутқа кешіккен Афина тұрғыны өмірін сақтап қалды © REUTERS/Baz Ratner

Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшақ рейсіне кешігіп қалған Грекия азаматы Антониос Маврополулос өлім аузынан қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Greek Reporter сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшақ рейсіне кешігіп қалған Грекия азаматы Антониос Маврополулос өлім аузынан қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Greek Reporter сайтына сілтеме жасап. 

"Адамдардың ұшаққа кіріп жатқанын көріп, мені жібермей қойғандарына ашуланып едім", - дейді ол.

Антониос рейске екі минутқа кешігіп келген, осылайша жүгін тапсырып үлгермеген оны ұшаққа кіргізбей қойған. Кейін апат туралы хабар келгенде полицейлер ер адамды тұтқындаған, өйткені ол осы рейске кірмеген жалғыз адам.

Еске салайық, 10 наурызда таңертең Ethiopian Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағы эфиопиялық Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта экипаждың сегіз мүшесін қоса алғанда 157 адам болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети